$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мопед жүргізушісі көз жұмды

AstanaTV
07.04.2026ж. 19:00
Мопед жүргізушісі көз жұмды

Алматы облысында мопед жүргізушісі  баланы қағып кетті. Оқиға Көкөзек ауылында болған. Куәгерлердің сөзінше, мопедті кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген.  Соққы салдарынан түрлі жарақат алған бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша барлық қажетті процессуалдық тексеру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің жауапкершілік дәрежесі анықталуда. Тергеу жалғасуда.

Ал Алматыда орын алған жол апатынан мопед жүргізушісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, BYD маркалы автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан шыға отырып, негізгі жолдағы көлікке жол бермей, мопедпен соқтығысқан. Қазір күдікті қамауда, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.