Ал Атырауда полицей қарамағындағы қызметкерлерді балағаттап, күш қолданған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ашулы басшының бейәдеп сөздер айтып, қол көтергені көрінеді. Және тағы бір адам кабинетке бөгде жан кіріп кетпеу үшін тұтқаны ұстап тұр. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі заңбұзушылық дерегін растағанымен, сұхбат беруден бас тартты. Видеода департаменттің Арнайы жедел әрекет ету жасағының командирі мен рота командирлері екен. Оның қызметкерлерді не үшін сыбап жатқаныны белгісіз."Арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкері қызметтік тәртіпті бұзғаны расталды. Қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бөлімше басшылығының әрекеттеріне байланысты қызметтік тексеріс басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті баға беріледі", - делінген баспасөз хабарламасында.