Павлодарда 8 әкім 1,7 млн. теңге айыппұл салынды. Олар ауылдарда қоқыс полигондарына қадағалау жасамаған. Соның салдарынан кейбір елдімекендерде 20-дан астам заңсыз қоқыс алаңдары пайда болған. Бұл қоршаған ортаның ластауына және ауаның бұзылу әкеліп соқтырған. Тіпті, қалдықтар өзен суларға қосылып кеткен. Ал ауыл әкімдері бұл мәселеге ат үсті қарамаған. Елді-мекендердегі қоқыс алаңдарына арнайы рұқсат та алмаған. Бей-берекет шашылған күл қоқыс ауылдардың ажарын қашырып, айналаға зиян келтірген.