Атырау аспанын тағы да қою түтін басты. Түн ортасында қоқыс полигонындағы тұрмыстық қалдықтар өртеніп, таңертең өрши түскен. Алдымен тазалықпен айналысатын «Арнаулы автобаза» мекемесі мамандары өздері өшіруге тырысқан. Кейін көмекке төтеншеліктер келді. Жалпы 35 гектар аумақтың 2500 шарты метрі өртке оранып, Қызыл жалын қою түтінге ұласты. Оқшаулауға 65 қызметкер мен 35 техника жұмылдырды. Мұндайда су шашу тиімсіз, топырақ сеуіп тоқтатамыз,- дейді мамандар. Өрт ошағына барып мониторинг жүргізген экологтар көміртек оксидінің концентрациясының шекті нормадан 1,5 есе артқанын анықтады.
СӘБИТ БОРАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Қазіргі уақытта екі мың жарым шаршы метр аумағы қоқыстардың жануы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 400 шаршы метр сөндірілді. Қазір жалпы жану ауыздықталды. Алайда қазір бықсып жатқан жерлерді топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде.
СҰЛТАН ЕСЕНҒАЛИЕВ, «АРНАУЛЫ АВТОБАЗА» ЖШС БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Мусорлар, әртүрлі қалдықтар бар да, оның үстіне қойлады, топырақ себіледі, көріп тұрсыздар. Прессовать етіледі техникамен, слой-слой, торт сияқты. Нығыздалғаннан кейін астынан метан газ вырабатыватся етіп, әр жерден шығады, өрт өзімен өзі пайда болады.