$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда үш бірдей көлде балық қырылды

Қызылжарда үш бірдей көлде балық қырылды

Қызылжарда үш бірдей көлде балық қырылды. Судың бетінде қалқып жүрген су маржандарын жергілікті тұрғындар байқап, әлеуметтік желіде жариялады. Арасында шортан, мөңке, торта балықтары бар. Барлығы 400-ге жуық келі қырылған. Сала мамандары төтенше жағдайға қыстың қытымыр суығы себеп болуы мүмкін дейді. Аталған көлдерде аэрация жұмыстары жүргізілген. Дегенмен, мұздың қалыңдығы тым терең болған соң, балықтарға ауа жетпей қалған көрінеді.

ИЛЬДАР КАКИМОВ, СҚО БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біз су сынамасын және өлген балықты сараптамаға жібердік. Оның қорытындысы келген соң, нақты себебін айтуға болады. Аэрация жұмыстары көлдерде жаппай жүргізіледі. Бірақ табиғатта мұндай жағдайдан 100 пайыз қорғану мүмкін емес.