Енді Алматының көшелерінен шашылып жатқан қоқыс көрмейсің. Барлығы цифрлық жүйе арқылы басқарылмақ. Жергілікті билік осылай деп сендірді. Жаңа жоба қалай жұмыс істейді? Тазалыққа немқұрайлық танытқандарға шара көріле ме? Ғазиза Әмірбек анықтады.
ҒАЗИЗА ӘМІРБЕК, ТІЛШІ:
Енді осындай қоқыс жиналған жәшіктерге мониторинг жүйесі енгізіледі. Яғни, қалдық қашан шығарылды, техника қай жерге барып, қанша күл-қоқыс жиналды, бәрі автоматты түрде көрініп тұрады. Осылайша қала тазалығы назарда болады.
Ал тұрғындар қоқыстың есебінен бұрын, тазалықтың сақталуын жіті бақылау керек дейді.
БЛИЦ:
- Көп қабатты үйдегі тұрғындардың мусор шығаруына аса бір қатты жіті бақылау керек негізі.
- Сыртына лақтырып жатады. Кейде иттер тасып жатады, есік алдына шашылып жатады. Соны мысалы шетелдегідей бөліп қойса.
- Мусор өте көп болады, жан-жағында жатады. Жиі-жиі осы қоқыс жинайтын адамдарды немесе машиналарды жіберген дұрыс деп ойлаймын.
Әкімдіктің хабарлауынша, жаңа жүйе қоқыс жәшіктері бар алаңдарға фото фиксация жасап, қалдықты шығару кестесін сақтауды қадағалайды. Одан бөлек оларды тасымалдайтын техниканың жүкті қайда төгетіні де бақыланбақ.
ӘЛИНҰР БАКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бүгінгі таңда тек қана «Ақ тәртіп» мекемесінде ғана орталықтандырған автоматтандырған жүйе бар. АЭС отходы деген. Ол дегеніміз бүкіл «Ақ тәртіп» компаниясының техникаларының жүруін, қоқыстардың контейнерден шығарылуын, кестені сақталуын бәрін қарап отыра аламыз. Бүгінгі таңда қалған 19 компанияның техникаларында gps трекерлері бар. Бірақ орталықтандырған автоматтық жүйе жоқ. Сол себепті қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінң тарапынан жұмыс жүріп жатыр.
Алматыда биыл 1682 жер асты қоқыс контейнерлері орнатылған. Бүгінде 2 ай ішінде 77 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды.