$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қорғалжын ауданында бөгет қалпына келтірілді

Қорғалжын ауданында бөгет қалпына келтірілді
ТЖМ

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында, Сабынды ауылынан екі километр қашықтықта орналасқан «Шоптыколь» бөгетінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі таңда бөгеттегі жарылыс жойылды, бөгет қалпына келтірілді. Су деңгейі тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Жағдайдың күрделенбеуі үшін инертті материалдармен қапшықтарды дайындау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі уақытқа дейін 1500 қапшық дайындалды.

Салдарын жоюға ТЖМ күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтері жұмылдырылған.

Жалпы шамамен 260 адам және 70 бірлік техника жұмылдырылды. «Астана – Қорғалжын» автожолы бойымен 1100 метр ұзындықта, сондай-ақ Сабынды ауылында 500 метр ұзындықта инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Еріп жатқан суды ағызу үшін 100 метр ұзындықта айналма канал қазылды.

Жағдай ТЖМ бақылауында.