$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шықты

08.04.2026ж. 10:27
Футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шықты
фото: Ұлттық Банк

Ұлттық банк «Спорт» сериясынан FIFA World Cup 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Монетаның дизайнында финалдық ойындарды қабылдайтын Канада, АҚШ және Мексика елдерінің жалаулары, ортасында жер шары мен «FIFA WORLD CUP 26 TM» жазуы, төменгі бөлігінде FIFA Әлем кубогы бейнеленген.

Футболшылардың суреттері композицияның екі жағында орналастырылған.

Монета 925 сынамалы күмістен жасалып, алтын жалатылған, салмағы 20 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге. Жалпы тираж – 2000 дана (1500 – ішкі нарыққа, 500 – сыртқы нарыққа).