$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңбыр жауады: күн суытады

08.04.2026ж. 22:00
Жаңбыр жауады: күн суытады
фото: pixabay

«Қазгидромет» РМҚ 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып сақталады, жаңбыр жауады.

9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады. 

Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

түнде 0–8 градус жылыдан 0–5 градус аязға дейін,
күндіз 10–23 градустан 7–15 градусқа дейін.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады.