Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР Бас прокуратураның үйлестіруімен және «TELE2» мамандарымен бірге азаматтардың деректері мен ақшасын ұрлаған топтың қызметін тоқтатты. Қаскөйлер SMS-бластер арқылы жалған хабарламаларды «Beeline» және «Halyk Bank» атынан таратып, адамдарды фишингтік сайттарға кіргізген.
Осылайша олар жеке және банктік мәліметтерді иемденген.
Төрт күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.