$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Судьялардың кадрлық резервін қалыптастырудың жаңа жүйесі енгізілді

08.04.2026ж. 15:00
Судьялардың кадрлық резервін қалыптастырудың жаңа жүйесі енгізілді
фото: gov.kz

Судьялардың кадрлық резерві институты да меритократияның тиімді құралы ретінде белсенді дамып келеді. Кадрлық резервті қалыптастырудың жаңа тәсілдері енгізілді. Егер бұрын бұл процесс екі жылға дейін созылса, қазір іріктеу жылына екі рет өткізіліп, бірнеше ай ішінде аяқталады.

«2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша резервте 149 судья бар. Басымдық сот төрелігінің сапасы жоғары көрсеткіштерге ие және басқарушылық құзыреттері дамыған тұлғаларға беріледі. 2025 жылы резервтен 47 судья жоғары тұрған және басшылық лауазымдарға тағайындалған», - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.