$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Учаскелік полицейлерге ит пен мысықтардың чиптелуін тексеру өкілеттігі берілмек

08.04.2026ж. 13:43
Учаскелік полицейлерге ит пен мысықтардың чиптелуін тексеру өкілеттігі берілмек
фото: gov.kz

Жаңа заң жобасы аясында полицейлерге тұрғын үйлердегі ит пен мысықтардың чиптелуін тексеру өкілеттігі беріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин айтты. 

Қазір Ішкі істер министрлігімен берге тиісті шешім қабылдап жатырмыз. Бүгін қабылданған заңда барлық ит пен мысықтар міндетті түрде чиптелуі керек екенін бекіттік. Ал енді оның бар немесе жоғын анықтайтын және тексеретіндер болуы керек. Бізге бақылау мен мониторинг қажет. Алдағы уақытта қаралатын заңдардың аясында жергілікті билік пен учаскелік полицейлерге құзырет бермекпіз. Оларда әр үйге барып, мысық пен иттің чипін тексеру өкілеттігі болады. Бір айдан кейін барғанда да чип болмаса, онда айыппұл салынады. Үшінші ескертуден кейін де чиптемесе, бұл жануарлар иесіз ит есебінде болады. Заңнама аясында тұрғындардың жауапкершілігін де, қадағалау функцияларын да күшейтіп отырмыз. Осы орайда елімізде чиптелмеген әрі иесіз ит болмауы керек. Мұндай қадамдар арқылы тәртіп болады. Адамды қапқан иттің иесі кім екенін білмей жатамыз, - деді депутат.