$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Дипломсыз психологтардың қызметіне тыйым салынады

Дипломсыз психологтардың қызметіне тыйым салынады

Елдегі псевдопсихологтардың дәуірі аяқталды. Енді дипломсыз, екі-үш апталық курс оқып алып, өзін кәсіби психологпын деп атайтындар заңмен қудаланады. Мәжіліс «жан шипагерлерінің» қызметін реттейтін нормаларды бірінші оқылымда мақұлдады. Енді олар арнайы реестрде тіркелуі тиіс. Ол үшін біліктілігін растайтын бірқатар құжат тапсырады. Қызмет сапасын арттыру үшін клиентпен келісімшарт арқылы жұмыс жүргізеді. Әрі ақпаратты жарияламауға міндеттеледі.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:    

Бұл ресми тізім. Ол тізімге кіру үшін тиісті талаптарға сай болу керек. Тиісті құжатын жіберу керек. Ол ашық тізім. Кез келген адам бәленшеге барып, соның көмегін алам десе, реестрға кір, фамилиясын тер, қара. Бұл адам бар ма сол реестрда, жоқ па? Егер ол жоқ болса, сен онда психолог емессің. Оған жүгінбейсің деген секілді.

Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қызмет атқаратын психологтар аталған реестрге автоматты түрде тіркеледі. Ал қызметін заңдастырғысы келетіндер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгіне алады. Тағы бір ескеретіні,  психологтарға қандай да бір медикаменттерді тағайындауға тыйым салынады.