$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда «AMANAT» партиясының «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы таныстырылды

Түркістанда «AMANAT» партиясының «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы  таныстырылды

«TURǴYNDAR AMANATY». Тұрғын үйді басқаруға қатысты жаңа талаптар, энергетика мен инфрақұрылымды басқарудың жаңа моделі бүгін Түркістан төрінде кеңінен талқыланды. «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» семинар-форумында «AMANAT» партиясының «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы  таныстырылып, салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Форумға «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев арнайы қатысты.

Жобаның мақсаты мен міндеттері, артықшылықтарына тоқталған партия хатшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыруды көздейтін реформалар әрбір қала тұрғынының өмір сапасына тікелей әсер ететінін айтты. Оның ішінде тарифтер, абаттандыру, жарықтандыру, лифтілер, интернет, қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жүйелі шешімдер қабылдануына ықпал ететіні түсіндірілді. Жыл басынан бері осындай форум-семинарлар Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында өтіп, өз тиімділігін көрсетті. Осыған орай біз Түркістанда бұл жұмысты жалғастырып отырмыз ,- деді Ержан Жұматұлы.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Республикада 20 мыңнан астам КСК, ОСИ төрағалары бар, бірлестігі бар. 2,5млн-ға жуық көппәтерлі үйлер бар. Соның әрқайсысының проблемаларын біз жақсы білеміз. Форумның мақсаты – әр өңірде осындай КСК-лардың басшыларын жинап, біз оқытамыз, бірінші. Қалай тұрғын үйлерді басқару керек. Мамандарды біз тегін оқытып, әр форумнан кейін семинар өткіземіз. Содан кейін халықтық бюджеттік процесстерге қалай қатысу керек, одан кейін басқару компанияларының ішінен КСК ОСИ төрағаларының ішінен партияның жанынан кеңес құрып жатырмыз.

Өңірлерде көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін жобаның берері мол дейді аманаттықтар. Айта кетейік, Түркістан облысындағы 1877 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оларды басқаруда 199 мүлік иелерінің бірлестігі және 10 пәтер иелерінің кооперативтері құрылған.  Облыс көлемінде 550 тұрғын үй тікелей бірлескен басқару моделіне көшкен. Түркістан қаласының өзінде жаңа шағын аудандарда 422 зәулім үй бой көтерген. Басым бөлігі жедел сатымен қамтылған.

МАРАТ УШАТОВ, «TURKESTAN LIFT» ЖШС ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Техника болғаннан кейін кейде бұзылады, кейде істен шығады. Оны тұрғын үй қатынастарын жақсату мақсатында қазір жергілікті әкімдікпен жұмыс атқарып келеміз. Бірақ десе де бүгінгі жоба ««TURGYNDAR AMANATY» «AMANAT» партиясы жанынан ашылып жатқан жоба дер кезінде, уақытылы ашылып жатыр деп есептеймін. Себебі тұрғындар мен биліктің арасында және бизнес өкілі, сервисік қызмет арасындағы алаң ретінде кең ауқымды мәселелерді көтеруде және олардың шешімін табуға үлкен бір жоба деп сенемін.