$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда

"Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда

Шымкенттегі Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық семинар өтті. Жастар табиғатты қорғау идеясын қолдап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетті. Еріктілер ақпараттық парақшалар таратып, оқу орнындағы өсімдіктерге күтім жасады. Танымдық тәрбие сағатын өткізіп, флешмоб ұйымдастырды.

АЙЖАН ТӘЖІБАЕВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде күнделікті сабақта экология жайы айтылып отырады. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасында да бұл бағыт қамтылған. Студенттеріміз өте белсенді. Түрлі жобалар жасап жатыр.