$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатында үш спортшымыз 1/8 финалға жолдама алды

Спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатында үш спортшымыз 1/8 финалға жолдама алды
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қытайдың Мэйшань қаласында спорттық құзға өрмелеуден өтіп жатқан сары құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жылдамдық сайысының іріктеу кезеңдері өтуде, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде қазақстандық Әмір Маймұратов, Ришат Хайбуллин және Дамир Тоқтаров 1/8 айналымға шықты.

Өкінішке қарай, қалған спортшыларымыз іріктеу кезеңінен аса алмады.

Енді ел намысын қорғайтын отандастарымыз 1/8 финалда өнер көрсетеді. Келесі кезең бүгін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады.

Жанкүйерлер тартысты жарыстан жарқын нәтиже күтеді