$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ирандағы соғыс Қазақстанның мұнай экспортына қауіп төндірмейді

Ирандағы соғыс Қазақстанның мұнай экспортына қауіп төндірмейді

Таяу Шығыстағы ахуал Қазақстанның мұнай экспортына қауіп төндірмейді. АҚШ қаржысы мен мүддесі бар кез-келген нысан шабуылға ұшырауы мүмкін деген сыбыс көпшілікті алаңдатты. Отандық экспорттың басты күре тамыры – Транскаспий Халықаралық Консорциумында да америкалық капитал бар. Дегенмен, мұнай құбыры бірнеше елдің қорғауында. Бұл туралы Сенат алаңында энергетика вице-министрі мәлімдеді. Санжар Жаркешовтың айтуынша, күштік құрылымдардың араласуымен қауіпсіздік шаралары тағы бір пысықталған.

САНЖАР ЖАРКЕШОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Нысандардағы жұмыс қалыпты тәртіпте жүріп жатыр. Атап айтқанда, жүйенің жұмысына кедергі жасалып жатқан жоқ. Әрине, осы консорциумның барлық мүшесімен әртүрлі сценарий пысықталып жатыр. Себебі, бұл – үлкен халықаралық жоба. Қазақстан тарапы да, қауіпсіздік мәселесі бойынша бар міндеттемелерін орындап жатыр. Мұнай құбырының қалыпты жұмыс істеуіне барлығы мүдделі. Әскери қорғаныс күшейтілгені өтірік емес. Дегенмен, ол мемлекеттік және әскери құпия болғандықтан, мән-жайын айта алмаймыз.