$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Баламды автобусқа жалғыз отырғызуға қорқамын",- қала тұрғыны

"Баламды автобусқа жалғыз отырғызуға қорқамын",- қала тұрғыны

"Баламды автобусқа жалғыз отырғызуға қорқамын". Қазір ата-аналар осылай деп үрейленеді. Соңғы кездері қоғамдық көліктер мен көшелердегі "оғаш" мінез-құлықтар жиілеп кетті. Тіпті, бұрын психикалық дерт тек көктемде өршиді десек, қазір науқастар жылдың кез келген мезгілінде ауруханаға ағылып жатыр. Мамандар мұны тек дертпен емес, шектен тыс ақпарат тасқыны мен күн сәулесінің ағзаға әсерімен де байланыстырады.

Қала тұрғыны Әйгерім Нұрдәулетова үшін қоғамдық көлікке міну үлкен стресс. Ол балаларын мектепке жалғыз жіберуден қалған. Әлеуметтік желідегі оғаш адамдардың видеосы мен көшедегі бейберекет оқиғалар үрейді үдете түскен.

ӘЙГЕРІМ НҰРДӘУЛЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әрине, қорқамыз. Тек қана кішкентай балаларды емес, жетінші, сегісінші сыныпқа дейін. Қорқыныш бар әрине. Әсіресе қыздарымызды, ұлдарымызды. Мен өзім жастары жетіге келсе де, жалғыз жібермейін.

Мамандар, көктем аурудың шыңы деген қисық қағиданың ескіргенін айтады. Өйткені статистика әр жылы, әрқилы. Мәселен, 2024 жылы пациенттердің ең көп ағыны қаңтарда байқалса, мамырда жағдай тұрақталған. Ал 2025 жылы керісінше, сәуір айы рекордтық көрсеткішке жетіп, жедел жәрдемге 320 адам хабарласқан. Бұл желтоқсандағы көрсеткіштен екі есе көп. Демек, жүйке жүйесі күнтізбеге емес, ішкі өзгерістерге бағынады.

НАЗЫМ ОМАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТОР-НАРКОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Бізде қыста да, жазда да, күзде де, көктем де пациенттер келіп жатады. Жедел бригада көмегін шақырып жатады. Қабылдау бөліміне жүгініп жатады. Бізде стационар 475 орынға тәулік бойы, жыл бойы жұмыс істейді.

Шизофрения сынды ауыр дерттердің алғашқы белгілері көбіне 16-18 жаста байқала бастайды. Дәл осы кезеңде мамандар бақсы-балгер жағалап, уақыт жоғалтпауға кеңес береді. Кез келген оғаш мінез медициналық тексерісті қажет етеді.  Бірақ психологтардың айтуынша, көктемгі күйгелектік тек дерт емес, ондай сау адамдарда да кездеседі.

АРАЙЛЫМ БЕРДІҚҰЛОВА, ПСИХОЛОГ:

Оның болуы негізі қалыпты жағдай, қазіргі заманда. Себебі, біз әлеуметтік желіде отырамыз, ақпараттар өте көп. Бірақ бұл психологиялық тұұрғыдан ғана емес, физикалық тұрғыдан да қарастыру керек. Неге? Себебі, қыс мезілінде біз үнем режімінде болдық қой. Күн сәәулесі болмады. Яғни, қыс біткеннен кейін, күн сәулесі көп түсіеді. Энергия көбеяді. Адамдармен қарым-қатынас қысқа қарағанда көп. Сол кезде психика үлгермей қалады. Бұл ауытқу деп айтпас едім. Бұл қалыпты жағдай.

Созылмалы дерт бір күнде туындамайды. Сондықтан мамандар баланың мінезінен оғаштық байқалса, ұялмастан кәсіби мамандарға көрінуді ұсынады. Өйткені ерте басталған ем, қауіпсіз қоғамның кепілі болмақ.