Қызылжарда Таза бейсенбі акциясының аясында жастар Мағжан Жұбаевтың саябағын тазалады. "AMANAT" партиясы “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері Мағжан Жұмабаев ескерткішінің маңайын күл-қоқыстан тазартты. Игі іс-шараға 50 студент атсалысты. Жалпы, жыл басынан бастап Аманат партиясы 15 тазалық акциясын ұйымдастырған. Осының арқасында қала көшелерінен 350 келіге жуық қоқыс жиналды. Тәрбиелік шаралар 200ден астам адамды қамтыды.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ “БОЛАШАҚ” ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Қыстан кейін саябақтар ағаш бұтақтары мен сарғайған жапырақтарға толы болады. Біздің мақсатымыз оны жинап, Мағжан сияқты ұлы тұлғалардың ескерткішін таза қалпында ұстау. Осындай игі іс-шараға тек жастар ғана емес, қала тұрғындары да белсенді түрде атсалысып отыратыны қуантады.
Щучинск қаласында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Бурабай ауданындағы телемұнара маңында орналасқан тамашалау алаңын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Оған жергілікті колледждің 45-ке жуық студенті, Бурабай ауданы әкімдігінің өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Олар орман ішін қоқыстан тазартып, туристер жиі келетін аумақты ретке келтірді. Экологиялық іс-шараның мақсаты - қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың туған өлке тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру.
ЕРЖАН ХАЛБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз қазіргі таңда 23-тен астам сенбілік өткіздік. 150 метр кубтан астам немесе 40 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл біздің қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің, ортамызды таза ұстаудың, адамдардың сондай қасиетін оятудың бастамасы. Сол үшін біз бұл бастаманы өте қатты қолдаймыз.