$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да көліктерді жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық әшкереленді

БҚО-да көліктерді жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық әшкереленді
Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының 26 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекетін әшкерелеп, тоқтатты. Ол тіркелген жеке кәсіпкерлік арқылы автокөліктерді жалға алу сылтауымен иемденіп отырған. Анықталғандай, күдікті көлік иелерінен көліктерді ұзақ мерзімге жалға рәсімдеген. Кейін заңды негізі болмағанына қарамастан, ол автокөліктерді өз қарыздарын өтеу үшін үшінші тұлғаларға берген. Бұл ретте көліктер иелеріне қайтарылмаған, ал жалдау төлемдері тоқтатылған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асады. Күдікті ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оның айғақтары куәгерлердің мәліметтерімен расталды. Оған қатысты төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Автокөліктердің орналасқан жері анықталуда. Полиция азаматтарды мүлік пен ақшаны беру кезінде сақ болуға, сондай-ақ автокөліктерге қатысты мәмілелердің заңдылығын мұқият тексеруге шақырады.