$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін ауа райы күрт салқындайды

10.04.2026ж. 10:08
Бүгін ауа райы күрт салқындайды
Фото: Pixabay

Қазгидромет» РМҚ 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

— 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі. Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 16 өңірі мен үш мегаполисінде күн райына байланысты ескерту жарияланды.

Ал бүгін еліміздің бас қаласы Астанада:

Күн бұлтты
Күндіз шамамен +1°C
Түнде -7°C дейін төмендейді
Желдің жылдамдығы шамамен 4–5 м/с
Қазір ауа температурасы шамамен -5…-6°C, бірақ желдің әсерінен -10…-15°C сияқты сезілуі мүмкін.