$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

10.04.2026ж. 13:33
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Фото: Үкімет

Президент Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қояды. Сайлау биыл тамыз айында өтеді.

"Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі. Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады”, – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс екенін жеткізді.