Қазақстанда барлық ет бағасы былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 18% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.ҰСБ дерегінше, соңғы бір жылда ең қатты қымбаттаған — қой еті. Оның бағасы 24,5% өсті.
Сиыр еті шамамен 22% қымбаттаса, жылқы етінің құны 15% өскен.Ал шошқа еті 13,5%, құс еті шамамен 11% қымбаттады.