Қызылорда облыстық полиция департаментінің кинология орталығында 19 қызметтік іздестіру иті бар. Олардың қызметтегі бағыты әртүрлі.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірі есірткіні, бірі жарылғыш затты іздеуге бейімделсе, енді бірі — кинологтардың із кесудегі, тағы бір тобы одорология және шабуылдау саласындағы көмекшілері.
- Иттердің көмегімен жыл басынан бері 83 қылмыс ашылды. Олар — негізінен есірткімен байланысты, ұрлық және тағы басқа қылмыстар. Криминалдық полиция саласында 21 қылмыс анықталса, соның басым бөлігі — бөтен мүлік ұрлығы. Қызметтік иттер есірткінің заңсыз айналымына қарсы 565 рет қолданылып, нәтижесінде 36 қылмыстық құқықбұзушылық әшкереленді. 1 келіден астам есірткі заңсыз айналымнан алынды. Одорологиялық іріктеу саласында 10 рет қолданылып, тең жартысында еңбек нәтижелі болды, — делінген хабарламада.