Жетісу облысында көршісіне ескерту жасаған әйелді ер адам күрекпен аяусыз ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарды. Сүйіксай ауылында мас күйіндегі 49 жастағы азамат көршісінің кішкентай балаларын балағаттаған. Қарсылық білдірген анасын күрекпен басынан бірнеше мәрте ұрған. Балалардың шыңғырған дауысынан мектеп жаттықтырушылары келіп ер адамды тоқтатқан. Жәбірленушінің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.
ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.