$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда үлескерлер баспанасыз қала ма?

Атырауда үлескерлер баспанасыз қала ма?

Атырауда миллиондап ақша салған үлескерлер пәтерінен айырылып қалуы мүмкін. Қаланың қақ ортасынан тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үй кешені жанар-жағар май бекетінің жанында орналасқандықтан қалалық сот бұзуға шешім шығарған. Амалы таусылған тұрғындар әкімдік алдына жиналып, атқамінерлерден араша сұрады.

Бауыржан Ұзақбаев бұл тұрғын үй кешенінен 1 бөлмелі үй алу үшін 2020 жылы 15 млн теңге санап берген.  Келісім-шарт бойынша 2022 жылы қоныс тойын тойын тойлаймыз деп қуаныпты.  Алайда үйдің кілтін алмақ түгілі, көп қабатты баспананың бұзылатынын естіп, аң-таң.

БАУЫРЖАН ҰЗАҚБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздер енді қалай болғанда да бұзбауын талап етеміз.  Қалай болғанда да біздің еңбегіміз ғой, адал еңбегіміз. Қанша жыл жинап.

ЛАУРА ҚУАНЫШӘЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Акті болған.  Эскизді жобасы бәрі болды. бірақ  айқай шу басталғаннан бастап, сотқа кетті деді, сол уақытта ГАСК кері отмена жасаған. Заправкаға бола. Бірақ бүкіл эскизді жоба жасалған кезде әкімдікпен бәрі келісіледі ғой. ГАСК соған қарасты емес пе. 

Жанар-жағар май бекеті  мен тұрғын үй кешенінің арасы 23 ғана метр. Тұрғындар құрылыс компаниясының рұқсат құжаттарына  сенгенін айтады. Айтуларынша, полиция қылмыстық істі тергеп, алаяқтық әрекеті әшкереленбеді деп жауып тастаған.  Ал қала әкімінің орынбасары құр уәдемен шығарып салды.

МЕЙІРЖАН МҰҚАСОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде жанар-жағар май бекеті өзінің бағалау құнын жасақтап жатыр деді.  Сол бағалау құнымен  олар келесі аптаның аясында  бізге келу керек Атырау өңіріне. Нақты шешім болмағанша,  ешқандай жұмысты, бұзу бойынша, басқа да мәселе бойынша атқармауды тиісті қағаз болса, хат болса, барлығын ұсынамыз.

100 пәтерлік екі 12 қабатты тұрғын үй кешені құрылысының  80 пайызы аяқталған. Баспана тағдыры жанар-жағар май бекеті иесімен арадағы шешімнің нәтижесінен кейін белгілі болмақ.