Қазақстан шетелге спутник экспорттайды. Қазір үш елмен келісім жасалып, құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. 2027 жылы алғашқы экспорттық аппараттар орбитаға аттанады. Бүгінде көктегі бес серігіміз 49 сала бойынша ел экономикасына қызмет етуде. Толығырақ әріптесім Айғаным Тұрысбек тарқатады.
АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:
KazSTSAT спутнигі ғарышта жеті жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл құрылғының пайдасы орасан жердегі өзгерістерді үздіксіз бақылап, нақты деректер ұсынады. Жобаның 60 пайызы -отандық өнім. Бүгінде спутник қызметіне шетелден де сұраныс жоғары.
АМАНАТ ҮМБЕТБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰК» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ –БАСҚАРМА МҮШЕСІ:
Біз экспорттық спутниктар экспортқа шығарып жатырмыз. Қазіргі таңда қол қойылған 3 экспорттық шартымыз бар. Бірінші, Монғолиямен қол қойдық 2024-те. 2025-те 2 Африка мемлекеті - Конго Республикасы және Нигерия Республикасы.
Қазір орбитада 5 спутник бар. Екеуі байланыс үшін, үшеуі жерді қашықтан зондтауға арналған. Бұл- жай ғана аппараттар емес, ел экономикасының «көзі». Спутниктен алынған суреттерге шетелдік компаниялар ерекше қызығады. Мамандардың айтуынша, елдің жаңа тапсырыстар қабылдап, спутник жасауға әлеуеті жеткілікті. Алайда салада кадр тапшылығы сезіледі
БАУЫРЖАН АЛМАТОВ, "GHALAM" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Біздің штатмызда 100-ден аса инженеріміз бар. Ең тапшы мамандарымыздың бірі - програмистер. Одан бөлек жүйелік инженерлер, ғарыш аппаратының механикалық конструкциясына есептер жасайтын мамандар.
Қазақстан үшін Байқоңыр - тек технологиялық алаң емес, стратегиялық табыс көзі. 2004 жылғы келісім бойынша, 2028 жылдан бастап кешеннен жылына кемінде үш зымыран ұшуы тиіс. Бірақ табыс тек ұшырылыммен шектелмейді. «Жердің кіндігі» саналатын айлақтың туристік әлеуеті де зор.
БОЛАТ КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Үлкен зымыранның пәлен мың тонна зымыранның тартылыс заңына кереғар көк аспанға ұшу сәті ерекше қайталанбайтын дүние. Соны көру үшін біз тиісті қызмет ұсына алсақ келеді. Азиядан да, Индиядан да, Қытайдан да келеді. Жалпы космосқа ұшқан адам баласының тең жартысы осы Байқоңырдан ұшқан. Олардың тізімі де тарихы да бәрі жазылған. Бірнеше музей бар Байқоңырда. Біз соны неге оятпасқа.
Ғарыштық технология - елдің ертеңі. Байқоңырдың тарихи мұрасы мен заманауи техникалық мүмкіндігін ұштастыра алсақ, Қазақстан тек ғарыш айлағын жалға беруші емес, толыққанды технологиялық державаға айналмақ.