$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өскеменде «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Өскеменде «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Өскеменде «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында форум өтті. Қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жүйелі кедергілерді талқылады. Әсіресе, пәтер иелерінің кооперативтерін қайта тіркеу процесі бойынша сұрақ көп.  Жаңа  рәсімдеу тәсілі тым күрделі, - дейді форум қатысушылары. Заң бойынша кондоминиум нысандарымен жұмыс істейтін мамандар емтихан тапсырып, біліктілігін растауы тиіс. Ал Астанада ғана өтетін оқудың құны 100 мың теңгеден асады. Бейінді білімі мен көпжылдық тәжірибесі бар мамандар үшін бұл артық шығын болып отыр. Сондай-ақ, жиында аз пәтерлі үйлерге қатысты мәселе де көтерілді. Олар үшін бюджеті шағын жеке жобалар қарастыру қажет. Сонымен қатар, қымбат жөндеу жұмыстарын 10 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беретін жаңғырту бағдарламаларын қайта жандандыру ұсынылды.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі ең басты міндетіміз — иесіз қалған үйлердің санын азайтып, әр үйдің өз басқару нысаны болуын қамтамасыз ету. Екінші мәселе — тұрғын үй қорының әртүрлілігі. Әр облыс, тіпті әр аула бір-біріне ұқсамайды. Біздің мақсатымыз — үйдің жағдайына қарамастан, тарифтер мен басқару тәсілдері барлығына тиімді әрі қолданысқа қолайлы ету.  «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында біз өңірлерді аралап, ұсыныстар мен мәселелерді жинап жатырмыз. Оларды заңнамалық деңгейде тікелей шешетін боламыз.