$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Студенттер есірткі қылмысы үшін сотталғандармен телекөпір арқылы тілдесті

Студенттер есірткі қылмысы үшін сотталғандармен телекөпір арқылы тілдесті

Отбасыңда жанжал болса да, ақшадан қиналсаң да, есірткіге жолама. Оның арты жақсылыққа апармайды. Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері темір тордың ар жағындағы азаматтармен тілдесті. Телекөпір арқылы нашамен ұсталғандар, осы қылмыс үшін қандай қасіретке ұшырағандарын тікелей байланыста баяндап берді. Тілшіміз толықтырады.

Бізде сендер секілді болашақтан үміті көп, жалынды жас едік. Қазір, абақтыда, қолымыз кісендеулі. Қалалық прокуратура, Полиция департаменті мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мамандары ерекше шара ұйымдастырды.

НҰРТАС ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

Біздің басты мақсатымыз – студенттер сотталған азаматтармен тікелей тілдесу үшін мүмкіндік жасау. Есірткіге жолаудың өзінің қандай залалдары бар екенін өз ауыздарынан естірту болды. Қателікті өзі жасамай, осыған дейін жасаған адамдардан сабақ алуға жақсы мүмкіндік бере алдық деген сенімдемін.

Студенттер мен сотталушылар арасында әңгіме телекөпір арқылы жүргізілді. Ең бастысы, темір тордың ар жағындағы азаматтар әлі күнге дейін өкінетіндерін айтуда.

ДОСХАН ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ №64 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Телекөпір барысында сотталған азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, заң бұзудың салдары мен оның адам тағдырына тигізетін әсері туралы ашық әңгіме жүргізді.

Құқық қорғау органдарының шарасы студенттердің жүрегінен орын тапты. Кейбір видеолар кино секілді болғанымен, шын өмір. Әсіресе, ата-аналары мен жақындарының жүрегіне қаяу салғанын айтып, көзіне жас алған азаматтардың оқиғалары ешкімді бей-жай қалдырмады.

МАҒЖАН САДЫҚОВ, Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Қандай ауруларға ұшырататынын, адамның денсаулығы, психологиясына қандай зардап алып келетінін ұғындық.

Аталған шара алдағы уақытта Еорданың бүкіл Жоғарғы және Орта оқу орындарын қамтымақ.