$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордалық 85 жастағы қария миллиондаған көшетке тіршілік сыйлаған

Қызылордалық 85 жастағы қария миллиондаған көшетке тіршілік сыйлаған

Қызылордалық 85 жастағы қария осы жасына дейін  миллондаған тал егіп, аймақтың көркеюіне үлес қосып келеді. Қала сыртындағы әуежайға апарар жолда, Президент саябағында қолтаңбасы бар. Оның бәрін ақысыз істеген.  Қазір үйінің алдындағы 8 гектар сортаң жерді гүлденіріп отыр. Жеміс талдардан өзге, қылқан жапырақты және өзі будандастырып жаңа өмір сыйлаған ағаштары жайқалып өсіп тұр. Барлығын тұғымнан бастап егіп, аймақтың ауа райына жерсіндіреді. Бағбанның көшеттерін жергілікті тұрғындардан өзге батыс аймақтардан келіп сатып алатындар бар. Кетпені қолынан түспейтін ақсақал әлі тың. Оның сыры еңбекте дейді. Ал өзі бағбандықтыққа 12 жасынан қызығып, қыр-сырын зерттей бастапты. 

БЕКТАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, БАҒБАН:

4 класта бізді мақтаға апарды. Шиін өсіп тұр екен, басында салбырап тұқым. Бригадир үлкен кісі екен. Ата маған бір фартук беріңіз мынаның тұқымын жинап аламын. Оны қайтесің? Менің ауылымда ештеңе жоқ. Бір фартук шиіннің тұқымын әкелдім. Содан осындайға, ағаш егуге әуес болдым.