112 пультіне Қызылорда қаласы Сәулет ықшамауданында 3 жастағы баланың пәтер ішінде қамалып қалғаны туралы хабар түсті. Жағдай қауіпті болды: газ плитасында қайнап тұрған шәйнек қосулы күйде қалған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар пәтерге кіру мүмкіндігі шектеулі екенін анықтады — терезелерде темір торлар орнатылған. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар торды кесіп, терезе арқылы пәтерге кіріп, газ плитасын сөндіріп, кіреберіс есікті ішінен ашты.
Бала ата-анасына тапсырылды, медициналық көмек оған қажет болған жоқ.