$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Каспий теңізінде жер сілкінді

12.04.2026ж. 08:33
Каспий теңізінде жер сілкінді
ашық дерек көз

Каспий теңізі акваториясында сейсмикалық белсенділік әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ай басынан бері мұнда сегіз жер сілкінісі тіркелді.

Кезекті жер асты дүмпуі 11 сәуір күні таңертең болды. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, ол жергілікті уақытпен сағат 08:47-де тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы 3,3 болған, ал ошағы шамамен 32 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Ақтаудан шамамен 570 шақырым қашықтықта болған.

Мамандар өңірдегі белсенділік сақталып отырғанын айтып, жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.