$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өрт сөндірушілер 7 адамды эвакуациялады

12.04.2026ж. 11:00
Өрт сөндірушілер 7 адамды эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Петропавл қаласында Урожайная көшесінде орналасқан төрт пәтерлі тұрғын үйдің верандасында өрт шықты.

ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекеті мен үйлесімді жұмысының арқасында ғимараттан 7 адам, оның ішінде 1 жасөспірім қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Бұл ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.