Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза болды.
Алдын ала деректерге сәйкес, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкеткен. Малдыбаев көшесі арқылы қалаға кіріп келе жатқанда қарсы жолаққа шығып кетіп, Mersedes-Benz көлігімен соқтығысты, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Соның салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітовтің айтуынша, Mersedes-Benz көлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір аталған фактіге байланысты тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.