$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан

12.04.2026ж. 18:31
Еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
Фото: IT.Alp

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан алғаш рет цифрлық технологиялар саласында таза экспорттаушы ел ретінде танылды. Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан.

Сарапшылар бұл көрсеткішті ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасып, халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттіліктің артқанымен байланыстырады. Негізгі өсім Astana Hub резиденттерінің үлесіне тиесілі.

Қазір отандық IT-шешімдер әлемнің 110-нан астам еліне экспортталады. Алдағы уақытта халықаралық нарықтағы ықпалды кеңейту мақсатында Кремний алқабы мен Оңтүстік-Шығыс Азия бағытында жаңа хабтар ашу жоспарланып отыр.