$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда бір күнде 400 ағаш егілді

12.04.2026ж. 19:45
Қарағандыда бір күнде 400 ағаш егілді
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында 1 күн ішінде облыс орталығында 400 ағаш егілді. 

Қала орталығындағы Назарбаев даңғылы бойындағы аллеяға қосымша 60 қарағай егілді.

Көгалдандыру жұмыстары тек қала орталығымен шектелмей, әуежайға апаратын жол бойында және қаланың өзге де аудандарында да жүргізілуде.

Жалпы биыл Қарағандыда 25 мыңнан астам ағаш егу жоспарланған. Сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарларда шамамен 7 мың бұта және 12 700 ағаш егу көзделген.

Бұдан бөлек, қала аумақтарында, соның ішінде өтемдік көгалдандыру аясында 13 мыңнан астам ағаш егілмек. Ал қалада алма бағының құрылу жұмыстары жалғасып жатыр.