Қарағанды облысында Балқаш көлінде ТЖД құтқарушылары күн сайын су айдынын патрульдеуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүзу құралдары мен мамандандырылған техника қолданылуда.
ТЖМ қызметкерлері балықшылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, судағы жүріс-тұрыс ережелері мен сақтық шараларын еске салады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша көлде құтқарушылар 486 рейд өткізді.
Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.