$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ақтөбе» 23 жастағы бразилиялық Жоао Витор Гауденсио Нуньеспен келісімшартқа қол қойды

12.04.2026ж. 22:45
«Ақтөбе» 23 жастағы бразилиялық Жоао Витор Гауденсио Нуньеспен келісімшартқа қол қойды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

«Ақтөбе» 23 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Витор Гауденсио Нуньеспен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. 

Футболшы жартылай қорғаныстың тірек аймағында да, плеймейкер позициясында да ойнай алады.

«Пассо Фундо» клубының түлегі Бразилияның «Конкордия» командасында және Жапонияның «Кагосима Юнайтед» футбол клубында доп тепкен.