$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

13.04.2026ж. 11:08
Қостанайда жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
Фото: pexels.com

«Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» тас жолында «Mercedes-Benz» пен ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, 4 адам көз жұмды.

Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.