2025 жылы ауылдық жерлерде аса тапшы мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау көлемі екі есеге – 2,2 млрд теңгеден 4,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, шамамен 24 мың медицина қызметкері республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен біліктілігін арттырды.
Осылайша, 2025 жылы 529 дәрігер шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде әлеуметтік қолдау алды, ал 2024 жылы 254 дәрігерге 2,2 млрд теңге бөлінген болатын, - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде:
2025 жылы 1760 дәрігер қызметтік тұрғын үймен (727 дәрігер), көтерме жәрдемақымен (1714 дәрігер), коммуналдық шығыстарды өтеумен және басқа да жеңілдіктермен (210 дәрігер) қамтылды, оның ішінде ауылдық жерлерге келген 1005 дәрігер бар.
Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға бағытталған 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық келісімге кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қол қойды.
Мамандықтың беделін арттыру мақсатында "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы енгізілді, оған 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы ынталандыру төлемі қарастырылған. Сонымен қатар, "Мамандығы бойынша үздік" республикалық конкурсының жеңімпаздарына 500 АЕК көлемінде сыйақы белгіленген (2025 жылы оны 17 адам алды).