Аустралия үкіметі Қарулы Күштердің басшылық құрамындағы ауқымды кадрлық өзгерістерді жариялады. Ел тарихында тұңғыш рет Құрлық әскерлерінің қолбасшысы лауазымына әйел генерал-лейтенант Сьюзан Койл тағайындалды.
55 жастағы Сьюзан Койл әскери салада 1987 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осыған дейін бірнеше стратегиялық басшылық лауазымдарды атқарған тәжірибелі офицер жаңа міндетіне шілде айынан бастап кіріседі.
Қазіргі таңда Аустралия қорғаныс күштерінде әйелдердің үлесі 21 пайыз, Үкімет 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 25 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.
Аустралия билігі әскери басшылық қызметке әйел адамның келуін «тарихи сәт» деп деп атады. Осы шешім армия ішіндегі гендерлік теңдікті нығайтуға және әскери ортадағы бұрыннан келе жатқан кемсітушілік пен әділетсіздікті шешуге бағытталған. Премьер-министр Энтони Албанезенің айтуынша, бұл өзгеріс әскери салада мансап құрғысы келетін қыз-келіншектер үшін үлкен шабыт береді.