$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Петропавлда екі жасар бала терезеден құлап кетті

13.04.2026ж. 13:05
Петропавлда екі жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: Pexels

Петропавлда көп қабатты үйдің терезесінен құлаған бала аман қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасар бала тоғыз қабатты үйдің екінші қабаттағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. 

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер баланы тексеру барысында оның бірнеше жарақат алғанын анықтады. Атап айтқанда, бел омыртқа бөлігінің байламдары созылған, оң жақ саны көгерген және оң аяқ табаны сырылған. 

— Қазір бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінде. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, емдеу консервативті тәсілмен жүргізіліп жатыр. Оның өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты, — дейді мамандар.