Қарағанды қаласында 4 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап кетті.
Департаменттің мәліметінше, оқиға 12 сәуір, жексенбі күні Гүлдер-1 шағын ауданында болған. 2022 жылы туған бала тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
«Бала ата-анасымен бірге Астанадан Қарағандыға қонаққа келген. Ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған сәтте, жалғыз қалған бала терезеден құлап кеткен. Бала көпсалалы жарақатпен ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомство хабарламасында.