"Мектеп бітіру кешіне әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр". Осылай деп дабыл қаққан ата-аналар әлеуметтік желіде жарыса жазуда.
Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, бітіру іс-шараларын өткізу талаптарын күшейтпек. Жаңа талаптарға сәйкес, аттестат табыстау рәсімі тек мектеп ғимаратында өтеді. Мейрамхана, коттедж сияқты сыртқы орындарда кеш өткізуге жол берілмейді. Сондай-ақ оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауға тыйым салынады.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ:
Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.