$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ауыл аманаты» ауыл кәсіпкеріне мүмкіндік ашты: Қазығұрттағы табысты жоба

«Ауыл аманаты» ауыл кәсіпкеріне мүмкіндік ашты: Қазығұрттағы табысты жоба

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы ауыл кәсіпкерлігін дамытудың тиімді тетігіне айналып отыр. «AMANAT» партиясы қолға алған бұл бастаманың шарапатын көргендердің бірі – Қызылқия ауылының тұрғыны  Әбдіманап Бекмұрзаев. Жеке кәсіпкер жылыжай шаруашылығын қолға алып, ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр. Жеңілдетілген шартпен, яғни 2,5 пайызбен 8 миллион теңге несие алған шаруа 15 соттық жердегі заманауи жылыжай кешенінде қызанақ пен қиярды кезек егеді. Қазір жылыжайда қызанақтар түйнек салып тұр.  Жылына 10 тоннаға жуық өнім жиналады дейді.

ӘБДІМАНАП БЕКМҰРЗАЕВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл бағдарлама өте тиімді екен халыққа.Пайдасын, жемісін көріп жатырмыз. Көргенде басында каникулы бар 1 жыл. Пайызы төмен. Алдын пайызы жоғарылардан алып, төлей алмай жүретін едік. Мынау өте тиімді 2,5 пайыз.

Бірі мал шаруашылығын дамытса, енді бірі құрылысқа қажет есік-терезелер шығарады. Облыс бойынша   106 сұраныс  қанағаттандырылған. 1 млрд теңгеге  жуық қаржы мақұлданған. 

ПОЛАТ ТҰРСЫНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2026 жылға 7 млрд 400 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Оның ішінде ең ірі қаржы бөлінгендер Сарыағаш ауданы мен осы Қазығұрт ауданы. Сарыағаш ауданын 1млрд 14 млн теңге бөлінген. Ал Қазығұрт ауданына 1 млрд 204 млн теңге бөлінген.