$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте 3 мың адамның қатысуымен ауқымды марафон өтті

Шымкентте 3 мың адамның қатысуымен ауқымды марафон өтті

Шымкентте 3 мың адамның қатысуымен ауқымды марафон ұйымдастырылды.  «AMANAT» партиясы және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен іс-шараға көпшілік белсенді атсалысты. Жарыс бағдарламасында балалар 500 метр қашықтықта бақ сынаса, ересектер 5, 10 және 21,1 шақырым аралығында жүгірді. Қатысушылардың спорттық әлеуеті жас ерекшеліктері бойынша бағаланды. Үздік деп танылғандар алғыс хаттармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

РАМАЗАН ӨСКЕНӘЛИЕВ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бұған дейін екі жарысқа қатысқанмын. Біреуі -«Шымкент марафон», екіншісі –осы. Трасса оңай, жеңіл болды. Көңіл-күй жақсы.

МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл марафонның ерекшелігі – Қазақстанның түкпір-түкпірінен өнер жұлдыздары, спорт саласында жетістікке жеткен азаматтар келіп жатыр. Бұқаралық спортқа тарту мақсатында осындай көптеген іс-шараны біз «AMANAT» партиясы әрдайым жастармен өткізіп жатырмыз. Бұл іс-шарамыз алдағы уақытта да жалғасын табады сенемін.