$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда V Халықаралық Фараби форумының салтанатты жабылу рәсімі өтті

AstanaTV
13.04.2026ж. 19:00
Алматыда V Халықаралық Фараби форумының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде V Халықаралық Фараби форумының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Форумға Франция, Италия, Польша, Қытай, Түркия және Орталық Азия елдерінен 100-ден астам шетелдік ғалым қатысты. Іс-шара барысында студенттік бизнес-инкубаторлар мен жас зерттеушілердің стартап жобалары таныстырылды. Жобалар кеңінен талқыланып, университет әр бастаманың қолдау табатынын жеткізді. Сондай-ақ «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауы мен «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының жеңімпаздары марапатталды.

МАРҒҰЛАН ИБРАИМОВ, ҚАЗҰУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР

Екі этаптан іріктеліп міне 16 жоба қазір алдарыңызда көрсетілген. Ең үздіктері ақшалай сыйақы дипломдармен марапатталды. Келген қонақтар жалпы қызығушылық танытып, енді біз ары қарай бұл жобалармен жұмыс істеп, бизнес инкубаторға және акцияға көмектесіп ары қарай нарыққа шығуына жұмыс істейміз деген ойдамыз.

ЖАУХАР КЕНЖЕБАЕВА, ҚАЗҰУ-ДАҒЫ  БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДОКТОРАНТЫ

Менің жобамның атауы-“By heart map Kazakhstan”. Яғни Қазақстанда кездесетін дәрілік және сирек кездесетін өсімдіктердің smart gis картасы. Және де бұл болашақта Қазақстанның биоэкономикалық платформасы болмақ.