$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өскеменде экологиялық акция аясында батыр студент марапатталды

Өскеменде экологиялық акция аясында батыр студент марапатталды

Өскемендегі «Шешек» тауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті. «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған сенбілікке спорт саңлақтары Диас Талғатұлы мен Александр Милейко бастаған белсенді жастар қатысты. Қыс бойы жиналған қоқысты тазартуға студенттер мен қала тұрғындары да атсалысты.

ЭЛЬМИРА НҰРСЕЙІТОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШҚОФ ӨКІЛІ:

"Таза Қазақстан" мен "Чемпиондық рух" акцияларын біріктіріп, бізде бүін тазалық жұмыстары жүргізілетін болады.  Осы орынды таңдаған себебіміз, Қаламыздың тұрғындарының жиі келетін орны "Шешек" тауы деп айтамыз өзіміз. Осы жерде тазалық жұмыстарын жүргізуге қаламыздың жастары ат салысатын болады. 

Айта кетейік, іс-шара барысында Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов наурыз айында қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қыздарға араша түскен студент Олжас Әуелбековті арнайы марапаттады. Депутат жастың ерлігін өзгелерге үлгі етіп, азаматтық жауапкершіліктің маңызына тоқталды.