$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушыларға арналған ерекше экологиялық сабақ өтті

AstanaTV
13.04.2026ж. 19:00
«Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушыларға арналған ерекше экологиялық сабақ өтті

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушыларға арналған ерекше экологиялық сабақ өтті. «Ecolife: сана таңдауы» деп аталған бұл шара жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге бағытталған. Мектепте жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін жылыжай бар. Онда  түрлі гүлдің көшеттері егілген. Эко-үйірмеге қатысатын 9-10 мен 11ші сынып оқушылары  күтімді көп қажет етпейтін өсімдіктер мен бөлме гүлдерін егіп, кейін баптау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, оқушылар мектеп аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстарынан да тыс қалмайды. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» челленджі бастау алмақ, мақсат- көпшілікті экологиялық мәдениетке шақыру.

МЕЙРАМГҮЛ МЕДЕТОВА, №55 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

Жылыжайда 4000 түп қош иісті темекі, яғни петунья өсімдігінің көшеттері мектеп ауласына отырғызуға дайын. Мектеп оқушылардың қызығушылығы өте жоғары.

САНЖАР БИСЕНҒАЛИ, №55 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Осы жылыжайдың жұмыс істеп тұрғанының әсерінен біздің мектебіміз көрейіп және көгалданып жүреді. Біз үшін жасыл ортада сабақ оқыған өте ыңғайлы, себебі біздің көңіл-күйіміз де және денсаулығымызға да өте әсері мол.