Павлодарда екі адамды топырақ басып қалды. Олар құтқарушылар келгенше, үйінді астынан шыға алмай көз жұмды. Тағы 3 адамды құтқару қызметі аман алып шықты. Бірақ, түрлі дене жарақатын алған. Ауруханаға жеткізілді. Екі науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, жұмысшылар құбыр қазып, дәнеркерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Қазылған жердің тереңдігі -6 метр. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жай тергеу барысында анықталады.